Андрей Малахов: Бибігүл Ахметқызы, сіз Ресейдің жауһарысыз

3285
Adyrna.kz Telegram

Танымал ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

« Құрметті Бибігүл Ахметқызы!  «Привет, Андрей» бағдарламасының студиясы және Ресейдің барлық көрермені сізді туған күніңізбен құттықтайды. Өзіңізге денсаулық, сәттілік, табыс тілейміз. Біз сізді өте жақсы көреміз және бағалаймыз. Есіңізде болсын, сіз Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де жауһарысыз. Сондықтан бізді әрқашан әндеріңізбен қуантып жүріңіз»,– деді ол.

Еске сала кетейік, Кеңестік және қазақстандық опера әншісі Бибігүл Төлегенова 16 желтоқсанда 92 жасқа толды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер