“Біздегі хиджаб кигендер – адасқандар”

35261
Adyrna.kz Telegram

Зейнеп апай Ахметова  (“төртаяқты” депутаттың аузын жабатын кісі):

“ХИДЖАП – АРАБТАРДАН КЕЛГЕН ТҰМША.

Олардың өзі мұсылман дінін қабылдағанға дейін хиджап киген. Яғни, ХИДЖАП – ОЛАРДЫҢ тарихи ҰЛТТЫҚ КИІМІ. Даласы – шөл, үнемі құм борап тұратын болғандықтан, олардың әйелдері көздерін ғана қалдырып, тұмшаланып киінетін болған. Ал, оны біз хиджап кимеген мұсылман емес деп, біреудің қаңсығын таңсық көріп жүрміз. Құдай-ау, шашыңды жауып жүргің келсе, неге кимешек кимеске. Қазақ әйелдерінің кимешегіне тең келер киім бар ма?! Ол денсаулыққа да пайдалы болған. Қазір жәдігерге айналған кимешекті алып қараңыз… Алдыңғы өңірі кіндіктен төмен түседі және бірнеше қабат кестеленген.

Яғни, омырауды жауып тұрады, төске суық өткізбейді. Арты үшбұрышталып келеді де, тілерсекке дейін төгіліп тұрады. Белді суықтан қорғайды. Мен жастардың ортасында көп боламын. Атаның аманатын жастарға жеткізгім келеді.

БІЗДЕГІ ХИДЖАП КИГЕНДЕР – АДАСҚАНДАР.

Ал, мұсылмандықтың айғағы – тұмшаланған хиджап, қауғадай сақал емес, жүректегі иман.

БАЛАҒЫН КЕСКЕНДЕРДЕ, САҚАЛЫ ӨСКЕНДЕРДЕ ЕМЕС, АЛЛАНЫ ЖҮРЕГІНЕ ҚОНДЫРҒАНДАРДА ҒАНА ИМАН БАР.

Әлгіндей пиғылдағылардың барлығы – Исламды іштен ірітуді, қазақты қадір-қасиетінен айыруды мақсат еткен дін­сіздердің ағымы. Олар біздің салт-дәс­тү­рімізді арабтарда жоқ дейді де, бар асы­лымызды харам санайды. Мысалы, олар айтады әкеңе ас берме, келіндер сәлем салмасын, өлген адамды сол заматта жерле дейді.

Арабтардың өлген адамды сол заматта жерлейтіні жері ыстық, мәйіт шыдамайды. Ал, біздің дәстүрімізде жан-жақтағы ағайын-туысын күтетін үрдіс бар. Келіп, көңілі суысын, бір уыс топырағын салсын дейді. Сол арқылы әр адам өзінің де ажалды екенін, мынау өмірдің жалған екендігін түйсінеді”.


Сұxбаттасқан: Ерсін МҰСАБЕК

elana.kz

 

Пікірлер