Қазақстан елшілігі Қырғызстанда аста-төк той жасады (ВИДЕО)

2290
Adyrna.kz Telegram

Желіде Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

16 желтоқсанға орай елшілікте өткен ресми қабылдауда қонақтарға ет тағамдары, қазы-қарта мен бауырсақтан жасалған тау мен ағаш, сондай-ақ Қазақстан туы бейнеленген торт ұсынылған.

- Қырғызстанда Қазақстан елшілігі ұйымдастырған Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланып жатыр. Бұл қазы-қартадан жасалған Алатау таулары. Міне, бауырсақтан жасалған ағаш. Міне, Нұрсұлтан шыңына 30 жыл. Қандай өнер. Жарайсыңдар", - дейді видео сыртындағы дауыс.

Алайда бұл видео Қазнетті ашуландырып үлгерді. Қазақстан СІМ баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді.

- Бұл басқа қабылдаулар сияқты қарапайым бас қосу. Тек бұл күні аспаз әр тағамға өз қиялын қосып, шығармашылықпен дайындаған, - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Кейін ерекше тағамдардың авторы қырғыз аспазшысы Таштанбек уулу Ырыскелди екені белгілі болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер