Заманауи үлгіде жабдықталған қос кабинет ашылды

2699
Adyrna.kz Telegram

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "30 жұлдызды күн" аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №83 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының құрметіне берілген "Жас оқырман" кабинеті және ІІМ құрметті ардагері Бекмұрат Жарасұлының атына берілген "Ерлік" кабинеті ашылды.

Қос кабинеттің ашылуына қалалық мәслихаттың депутаты "Nur Otan" партиясы, фракциясының мүшесі Талғат Балтабаев, "Nur Otan" партиясы Қаратау аудандық филиалының төраға орынбасары Әбдез Рахманұлы, қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мурат Жузумбаев, қалалық оқушылар сарайының басшысы Бакытжан Мустафаев және көршілес мектептердің бірінші басшылары қатысты.

Іс шара барысында оқушылар кешегі тәуелсіздік үшін күресіп ызғарлы желтоқсанда құрбан болған жастарды еске алып, бабалардың ерлігі мен даналардың өсиет жырларын айтып қонақтардың көңілін арбап рухани азық сыйлады. "Жас оқырман" кабинетінде оқитын оқушылар Хәкім Абайдың өмірінен үзінділер келтіріп, Абай образын сомдап көркем шығармалары мен әндерін тарту етті.

Келген қонақтар мектеп ұжымы мен оқушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтап, көрсеткен өнерлеріне дән риза болып оқушыларға шығармашылық табыстар тілеп ақ батасын берді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер