Шымкентте 12 дәрігерлік амбулатория салынады

959
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы орталығынан шалғайда орналасқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулаторияның салынуы жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласының тұрғындарына 36 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Жыл басынан жаңа 5 медициналық ұйым ашылып, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік байланыстар назарға алынды. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға 9 миллиард теңге бөлініп, жаңарту жұмыстары 71 пайыздан 81 пайызға өсті.

Биыл 6 медициналық ұйымның ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілсе, алдағы бес жыл ішінде 10 медициналық ұйымның құрылысы жоспарланған. 2023 жылға дейінгі мерзімде қала орталығынан шалғайда жатқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулатория салынатын болады.

Пікірлер