МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕМ АЛУЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

1823
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Аялы алақан» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы ашылды.

Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында белгіленген нақты іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында қолданысқа берілген оңалту орталығының ашылу рәсіміне Шымкент қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Нарымбетов, Nur Otan партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева, Абай ауданының әкімі Б.Парманов, қалалық мәслихат депутаты Т.Сұлтанова, Nur Otan партиясының филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Куанышбеков және ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары қатысты.

«Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мекемесінің ішінен ашылған орталықта тірек-қимыл және жүйке жүйесінің дертіне шалдыққан 18 жасқа дейінгі балаларға толық стационарлық жағдайда әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызмет түрлері көрсетіледі. Осы мақсатта ем-шаралық, спорттық және өзге де қызмет көрсететін бөлмелермен жабдықталған. Бұл жерде стационарлық жағдайда 40-қа жуық балаға дейін қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Жалпы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 8 арнаулы әлеуметтік орталық қызмет жасауда»,– дейді, аталған басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер