Илон Маск жаңа жылдан бастап адамға чип орнатпақшы

2154
Adyrna.kz Telegram

Neuralink компаниясының негізін қалаушы Илон Маск эксперименталды маймылдарға нейрочиптерді имплантациялаудың сәтті өткенін, жаңа жылдан бастап адамға чип орнататынын айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Масктің айтуынша, имплантанттар бірінші болып омыртқаның ауыр ауруларымен ауыратындарға салынады. Neuralink қазір АҚШ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаментінің агенттігінің тестілеуге рұқсатын күтуде.

Илон Маск адамдарда нейрочиптерді сынақтан өткізуді екі рет кейінге қалдырды. Бұған коронавирус пандемиясы үлкен әсер етті. Алайда 2022 жылы компания адамдарды чиптеуді бастаса, олар үшін бұл үлкен жетістік болмақ.

Forbes журналының мәліметі бойынша, Илон Маск планетадағы ең бай адамдар тізімінде тұр, оның байлығы 292,6 миллиард доллардан асады. Ал активтерінің жалпы құны — 311 миллиард доллар.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер