«Омикрон» штаммы әлемнің 38 елінде анықталды, бірақ «дельта Covid-19-дың басым нұсқасы болып қала береді. Бұл туралы ДДҰ Төтенше жағдайлар бөлімі техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазіргі уақытта «омикрон» ДДҰ-ның барлық алты аймағындағы 38 елде анықталды. Африкада инфекциялардың негізгі өсуі байқалады»,– деді ол онлайн-сессияда сөйлеген сөзінде.
Еске сала кетейік, жаңа штамм 11 қарашада Оңтүстік Африкада анықталған болатын. Сарапшылар бірнеше айдан кейін ол Қазақтанға келеді деп болжап отыр.
«Адырна» ұлттық порталы