Атом электр станциясын саламыз - Назарбаев

4293
Adyrna.kz Telegram

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда атом электр станциясының салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз атом станциясын саламыз. Енді мердігер мен технологияны таңдау керек. Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея және америкалық компаниялар ықыластарын білдіріп жатыр. Қазір біз мұны қайда жасау керектігін қарастыру үстіндеміз»,- деді ол америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Елбасы станцияны салу қажеттілігі елдегі электр энергиясының тапшылығына байланысты екенін алға тартып отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер