Қазақстанның аты тұрақтылықпен астасып жатыр – Түркия билеуші партиясы төрағасының орынбасары

2143
Adyrna.kz Telegram

 

Елордада «Nur Otan» партиясыныңҚоғамдық саясат институтыұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты екікүндік халықаралық форум өз жұмысынбастады.

600-ден астам шетелдік және отандықсарапшылар, саяси партиялардың, халықаралық ұйымдардың және 15 елдің, оныңішінде Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа, Түркия, Әзірбайжан және Орталық Азия дипломатиялық корпусының өкілдері сайлаужүйелерін дамытудың өзекті мәселелерін,заманауи электоралдық трендтерді, дәстүрліжәне балама идеологиялардың келешегін талқылау үшін панельдік сессияларға қатысады.

Форумға қатысушыларды құттықтайотырып, «Nur Otan» партиясы ТөрағасыныңБірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұлкездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығықарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.

«Біздің еліміз осы уақыт аралығындағасырға татитын үлкен жолды жүріп өтті. Ауыр сынақтарды еңсере отырып, халқымызмемлекеттілігін қайта жаңғыртып, өзініңғасырлар бойғы Тәуелсіздік туралы арманынақиқатқа айналдырды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жете ойластырылған батыл реформалары қысқа уақыт ішінде халықты ұйыстырып, болашаққа деген үміт пен сенім ұялатты. Орнықты экономикасы бар табысты, бейбітсүйгіш мемлекет құруға мүмкіндік берді», - деді Бауыржан Байбек.

Ол Қазақстанның 30 жылдық дамуының басты жетістіктері ретінде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, Семей полигонын жабу, еліміздің жаңа астанасының салынуы мен ежелгі Түркістанның қайта түлеуі, барлық мемлекеттермен тату қарым-қатынас орнатып, 15 мың км мемлекеттік шекараны бекіту, экономиканы нарықтық трансформациялау бойынша жүргізілген түбегейлі реформалар және Ұлттық қор құру, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына бөлінген ауқымды инвестициялар, халық санын ұлғайту сияқты т.б. оң істерді атады.

Оның айтуынша, бұл жетістіктердің барлығы қауқарлы мемлекеттік қоғамдық-саяси институттардың, дамыған адам капиталының, қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жақсаруының, сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарында жолға қойылған «Nur Otan» партиясы секілді үстем саяси күші бар көппартиялық жүйенің арқасында мүмкін болып отыр.

Сонымен қатар, оның пікірінше, еліміздің партиялық-саяси жүйесінің Тәуелсіздік жылдарында қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөлуге болады. Бірінші онжылдық – көппартиялықты заңдық тұрғыда бекіту, партиялардың институттану кезеңі. Екінші онжылдық – партияның сапалы нығаю, мажоритарлықтан пропорционалды сайлау жүйесіне біртіндеп көшу кезеңі. Үшінші онжылдық – үстем саяси күші бар көппартиялық жүйенің қазақстандық моделінің қалыптасуы.

«Осыдан 10 жылдай бұрын Елбасы көппартиялық жүйенің әрі қарайғы ұзақ мерзімді дамуына негіз қалаған «Қазақстан-2050» Стратегиясын, ал 2015 жылы – Бес институционалдық реформаны ұсынды. Конституциялық реформаның нәтижесінде Парламенттің рөлі күшейіп, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Парламенттік партиялар атқарушы билікке ықпал етудің қосымша тетіктеріне ие болды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің 60%-тен астамының тәжірибесі бойынша пропорционалды сайлау жүйесіне көшу толық жүзеге асырылды. Бұл партиялардың ел өміріндегі рөлі мен маңызын институционалды тұрғыда нығайтты», - деп мәлімдеді ол.

Бауыржан Байбек атап өткендей, 2019 жылдан бастап партиялық-саяси жүйенің дамуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан сабақтастық саясаты аясында жалғасуда.

«Президенттік сайлауда айқын жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында: «Біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз. Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз» деді. Сол сәттен бастап елімізде саяси реформалардың бірнеше пакеті жүзеге асырылды. Партиялар үшін тіркеу кедергісі мен Мәжіліске өтуге арналған кедергі заңнамалық тұрғыда азайтылды, сайлауалды тізімдерде әйелдер мен жастар үшін квота белгіленді, парламенттік оппозиция институты бекітілді, митингілер өткізудің хабардар ету қағидаты, сондай-ақ, ауыл әкімдерін тікелей сайлау институты енгізілді», - деді билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, 2019 жылдың тамыз айында Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған партияны жүйелі «қайта жандандыру» «Nur Otan»-ға жыл басында Мәжіліс пен мәслихат сайлауында тиісінше 72% және 82% жинап, айқын жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Саяси тәжірибеде алғаш рет праймериз өткізіліп, халықтың сұранысы негізінде әр облыс, қала және аудан үшін 216 сайлауалды бағдарлама жасалды.

Тұтастай алғанда, партиялық тізімдер бойынша сайлауға жүйелі түрде көшу партиялардың сайлауалды уәделеріне жауапкершіліктерін арттыра отырып, олардың барлық деңгейде институционалдық нығаюына жағдай жасады.

«Биыл алғаш рет өткізілген ауыл әкімдерінің тікелей сайлауында «Nur Otan» округтердің 80%-тен астамында жеңіске жетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей сайлаулар халықтың 40%-тен астамын құрайтын ауыл тұрғындарының мүддесін қозғайтын саяси реформалардың дәйекті бөлігі болғанын атап өтті. Нәтижесінде, бүгінде Қазақстанның Мәжілісте 3, жергілікті өкілді органдар – мәслихаттарда – 5, ауылдық әкімдер деңгейінде – 6 саяси партиясы өкілдік етуде. Осылайша, аталған жылдар аралығында қалыптасқан «Nur Otan» партиясы үстемдік ететін көппартиялық жүйе Тәуелсіздіктің маңызды жетістігі деп нық айтуға болады», - деді Бауыржан Байбек.

Дегенмен, қазіргі проблемалардың жаһандық сипаты бүкіл мемлекеттердің өзара тығыз қарым-қатынас жасап, үйлесе әрекет етуін талап етуде. Осы жағынан алғанда, билеуші партиялар арасындағы ынтымақтастық ерекше маңызға ие. Бауыржан Байбек форумның партиялардың ғана емес, сонымен бірге мемлекеттер мен халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға да өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Форум спикерлерінің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дәурен Абаев болды. Ол өз сөзінде «Nur Otan» Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың билеуші партияның төрағасы өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы таяудағы шешімі партиялық жүйе эволюциясының маңызды кезеңдерінің бірі болғанын атап өтті.

«Осынау парасатты шешім Қазақстан халқы тарапынан қолдау тапты. Бүгінде біз Мемлекет басшысының жетекшілігімен оның «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты саяси ұраны аясында алға қарай қарқынды қадам басудамыз», - деді Дәурен Абаев.

Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясының Бас хатшысы Чо Бён Чжэөз сөзінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы жетістіктеріне тоқталды.

«Еуразияның ортасында орналасқан сіздердің елдеріңіз көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуде. Осының арқасында Қазақстан көршілерімен ғана емес, сонымен бірге батыс елдерімен де жақсы қарым-қатынаста. Қазақстан халықаралық ұйымдармен, басқа да партиялармен сындарлы диалог орнатты. Осылайша, «Nur Otan» партиясы халықаралық қатынастар локомотивтерінің бірі қызметін атқаруда. Қазіргі кезде пандемияға байланысты сын-қатерлерді еңсеру міндеті тұр. Билеуші партия табысты ішкі саясат жүргізетініне де сенімдімін. Осы форум жаһандық сын-қатерлерді жоюға бағытталған пікір алысуға жақсы мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деді Чо Бён Чжэ.

«Единая Россия» партиясының Бас кеңесі Хатшысының орынбасары Андрей Климов өз кезегінде Қазақстан мен Ресейдің билеуші партиялары арасындағы достық байланыстарды атап өтті.

«Көптеген мәселелер жетекші саяси күштердің тәжірибесін ескере отырып, шешіледі. Біз өз тарапымыздан «Nur Otan» партиясының праймериз өткізу тәжірибесін, жастар қанатын дамытуын, азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін онлайн-ресурстарды пайдалануын және алаңында осы форум өтіп жатқан Қоғамдық саясат институтының жұмысын мұқият қарап отырамыз», – деп атап өтті Андрей Климов.

Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитетінің халықаралық бөлімінің меңгерушісі Цянь Хуншань екі елдің билеуші партиялары арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға сенім білдірді.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Біз ел халқының өз тарихи мәдениеті мен мұрасын жадында сақтап, құрметтейтінін, сонымен бірге экономикалық және саяси дамуын қамтамасыз етіп отырғанын көріп отырмыз. «Nur Otan» партиясы құрылған сәтінен бастап шын мәнінде бірқатар тарихи реформаларды іске асырды. Біздің мемлекеттеріміз екіжақты қарым-қатынастарды, оның ішінде партиялық деңгейде дамытуды жалғастыра беретініне сенімдімін», – деді Қытай Коммунистік партиясының өкілі.

Түркияның Әділет және даму партиясы Төрағасының орынбасары Эфкан Ала билеуші партияның Қазақстанның қазіргі келбетін қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

«Түркия мен Қазақстан – тарихи тамыры терең бауырлас елдер. Біз қашанда Қазақстанның салыстырмалы түрде қысқа 30 жылғы кезеңде қол жеткізген табыстары мен дамуын мақтан тұтамыз. Қазақстанның аты тұрақтылықпен астасып жатыр. Әрине, мұнда билеуші партияның рөлі зор. Біздің бәріміз елдің экономикалық игіліктеріне Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында қол жеткізілгенін байқап отырмыз. Жаңа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жалғастырылып жатқан реформалар бұдан да зор жетістіктерге бастайтынына сенімдімін», - деді Эфкан Ала.

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕКПА) Еуропалықконсерваторлар мен демократиялық альянстоптарының Бас хатшысы Том Ван Дайк «Nur Otan» партиясының елдің партиялық-саяси жүйесін қалыптастырудағы рөліне өз бағасын берді.

«Партия құрылғаннан бергі 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның саяси ландшафтында нық орнықты. Алайда бұл саяси ландшафт Қазақстанда ғана емес, барлық өңірде, әрине, батыс әлемінде де түбегейлі өзгеруде. «Nur Otan» жаңа сын-қатерлерге жауап беру бағытында белсенді жұмыс істеп, праймериз секілді демократияның маңызды құралдарын пайдаланып жатқанын көріп отырмыз. Саяси қызметте әйелдер мен жастарға барынша қолдау көрсетіліп, партиялық тізімдерде 30%-тік квота көзделген. Еуропа Кеңесінің 15 мемлекетінің парламенттерінде гендердік теңдік деңгейі Қазақстандағыдан төмен деп айта аламын. Партияны халықпен онлайнресурстар арқылы тікелей коммуникация жасау жүйесі арқылы дамыту да – игі нышан. Тек бір жылдың ішінде партия филиалдары 400 мың өтінішті қараған. Бұл мыңдаған адамның партияға деген сенімін білдіреді», - деді Том Ван Дайк.

Республикалық партияның АҚШ Өкілдер палатасының экс-мүшесі Курт Уэлдон саяси партиялардың және басқа да қоғамдық-саяси ұйымдардың рөлі өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені олар мемлекеттік институттарды азаматтық қоғам институттарымен байланыстыратын механизм ретінде әрекет етеді.

«Олардың арасында Қазақстанның ең ірі партиясы – «Nur Otan»-ға жетекші рөл беріледі. Бүгінде біз Қазақстанның межеленген саяси реформаларда, оның ішінде партиялық құрылыс жағынан дамып келе жатқанын көріп отырмыз», - деп атап өтті Курт Уэлдон өз сөзінде.

Ұлыбританияның Консервативтік партиясының өкілі, Лордтар палатасының мүшесі Джеймс Уортон «Nur Otan» партиясының демократия мен ортақ құндылықтарды дамытудағы жетістіктері бойынша өз әсерімен бөлісті.

«Бұл құндылықтар қазіргі мақсаттары мен болашаққа жасаған жоспарларында айқын көрінеді. Праймериз – біз соңғы жылдары Ұлыбританияда енгізіп жатқан саяси құрал. Өз даму жолдарыңызда осынау жаңа үрдістерге араласа отырып, біздің демократия бойынша алған сабақтарымызды сіздер де игеретіндеріңізге сенімдімін. Партиялық тізімдерде квотаны көздейтін гендерлік саясат та – ұзаққа бағытталған жоспарлардың көрінісі. Мұның бәрі біздің арамызда тығыз ынтымақтастық орнатуға қажетті тоғысатын тұстарымыз көп екенін білдіреді», - деді Лорд Джеймс Уортон.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер