Айлық көрсеткіш: Түркістан облысы көш соңында

2904
Adyrna.kz Telegram

Сарапшылар Қазақстан Республикасының қай өңірі ең көп жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Зерттеушілер атап өткендей, 2021 жылдың үшінші тоқсанында ел бойынша атаулы орташа айлық жалақы орташа есеппен 243,7 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,3%-ға көп.

- Өңірлік тұрғыда ең жоғары жалақы дәстүрлі түрде Атырау облысында байқалды: 419,1 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 19,5%-ға артық. Нақты мәнде өсім 9,5 пайызды құрады. Өңірдегі жалақы орташа республикалық деңгейден 72 пайызға жоғары болды.

Сондай-ақ, көшбасшы өңірлердің үштігіне Маңғыстау облысы (346,5 мың теңге, нақты мәнде 6,2%) және елорда(338,4 мың теңге, плюс 7,8%) кірді.

Ең төменгі жалақы Түркістан облысында белгіленді: 181,1 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан нақты мәнде 11,5%-ға артық.

17 өңірдің тек төртеуінде ғана қызметкерлердің жалақысы ел бойынша орташа жалақыдан асып түсті: жетекші үш өңірден басқа, осы төрттікке Алматы да кірді: 283,7 мың теңге.

Сарапшылар салалар бөлінісінде қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері жалақаны бәрінен де көп алғанын нақтылайды: 452,8 мың теңге — бір жыл бұрынғыға қарағанда 18,8% - ға артық.

Ең жоғары ақы төленетін салалардың үштігіне сондай-ақ кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (369,5 мың теңге, оған қоса жылына 17,4%) және ақпарат және байланыс саласы (331,1 мың теңге, оған қоса 19,9%) кірді.

Жалақының ең көп өсуі әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында байқалды (жылына 37,1%, 256 мың теңгеге дейін), ең азы — жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында (жылына 2,7% - ға, 181,9 мың теңгеге дейін).

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер