«Алтын күз 2021» шығармашылық байқауы өтті

4864
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шаралар аясында Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми - әмбебап кітапханасы, Шымкент қаласының білім басқармасы, Шымкент қаласының Оқушылар сарайы ЮНЕСКО Клубы және Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО Клубының ұйымдастыруымен «Алтын күз 2021» шығармашылық байқауы өтті.

Байқауға мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің және жалпы орта білім беретін мектептердің 6 мен 17 жас аралығындағы білім алушылары қатысып, дарынды жас суретшілеріміздің бүкіл әлемнің түрлі түске боялған, күз мезгілінің ерекше сұлулығын суреттеген түрлі қолөнер жұмыстарынан көрме жасалып, «Күз образы» сән үлгілерінен дефиле көрсетілді.

Сондай-ақ, «Күзгі икебано» түрлі күзгі табиғи материалдардан және «Жапырақтар жауыны» атты күзгі жапырақтардан композициялар жасалынып, «Тәуелсіз менің елім» тақырыбында сурет салу сайысы өтікізілді.

Шара соңында шығармашылық байқауға қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Пікірлер