Хельсинки комитеті: "Қазақстан билігі түсініктеме беруге тиіс"

2062
Adyrna.kz Telegram

"Норвегиялық Хельсинки комитеті ақын, диссидент Арон Атабектің дүниеден өткені жөнінде хабарға қатты қайғырады. 15 жыл түрмеден кейін жуырда ол жағдайы нашар күйде қамаудан шыққан еді. Қазақстан билігі түсіндіруі тиіс" деп жазды комитет.

Human Rights Watch ұйымының сарапшысы Мира Ритман Twitter желісінде Арон Атабектің өлімі жайлы хабарға көңілі қатты құлазығанын жазды.

"Ол 15 жыл адам шошырлық түрме жағдайында қамауда отырып, жуырда босатылған. Суретте оның құр сүлдері қалғаны көрінеді. Оның отбасына және оның дүниеден өткеніне қайғырған барлық адамға көңіл айтамын" деп жазды сарапшы.

Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан ұйымның Еуропа және Орталық Азия жөніндегі директоры Хью Уильямсон да диссиденттің жақындарына көңіл айтты.

Құқық қорғаушы Музафар Сулейманов "Қырғыз және қазақ билігіне әрбір саяси кездесу және форумда Әзімжан Асқаров пен Арон Атабекті саяси себеппен қамап, қайтыс болуына жауапты екенін ескертіп отыру керек. Билік қудаламағанда екеуі де тірі болушы еді" — деп жазды.

АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Уильям Кортни Арон Атабектің сотталуы мен өліміне байланысты халықаралық зерттеу жүргізу мәселесін көтерді. "Халықаралық зерттеу жүргізу қажет. Тағы қанша саяси тұтқынның өміріне қауіп төніп тұр?" деп жазды ол.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Пікірлер