Шымкентте 3 мыңға жуық азамат қоғамдық жұмыстарға жолданды

2469
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту белсенді жүзеге асырылуда. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде уақытша жұмысқа орналасқан қала жастарының бірі – Батырхан Әмірханов.

Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша тәмамдаған жас маман біраз уақыт жұмыссыз жүрген. 2021 жылдың басында қалалық жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» мәртебесімен тіркеліп, көп ұзамай Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі аппаратына «қоғамдық көмекші» ретінде жыл соңына дейін уақытша жұмысқа жолданды.

– Жұмыс іздеуші азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі бағыттағы бағдарламалар ұсынылып отыр. Еңбек еткісі келетін адамға қай кезде болса да жұмыс табылады. Мен де сол ұстанымды қолдаймын. Уақытша болса да жұмысқа орналасып, табыс тауып жүрмін, – дейді 23 жастағы бағдарлама қатысушысы.

Биыл қоғамдық жұмыспен 3 000-ға жуық адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды. Қазіргі уақытта жоспар артығымен орындалып, уақытша жұмысқа жолдама беру әзірге тоқтатылған.

Айта кетсек, уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» алдын-ала кәсіптік даярлауды талап етпейді.

Пікірлер