Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. Доп қуалаған далбаса ма?

4036
Adyrna.kz Telegram

Астанада көп балалы әйелдерден құралған "Қатындар" футбол командасы мен (Команданың атын сәл дөрекілеу атапты.) "Астана" футбол клубының алғашқы кездесуі өтіп жатыр. Бұл ойынға премьер-министр бастаған министрлер, әкім-қаралар, спорт саласының басшылары қатысып, жанкүйер болып отыр. Міне, спорт комментаторы микрофонды қолына алды.

"Құрметті көрермендер, футбол дегенде өлермендер, "Қатындар" командасының капитаны Желаяқ Өлерменқызы допты көйлегінің етегімен қағып алып, жерге домалатты да, шабуылшы Шайнагүл Сағызоваға пас берді. Алдынан "Астана" командасының шабуылшысы Нансоғар Дармоедов шыға келіп еді, Шайнагүл апай тілін шығара мазақтап, оның бұтының арасынан доп өткізді де, қуалай жөнелді! Әне, әне, "Астана" қақпасына жақын қалды! Қорғаушылар қаншама жан таласқанымен, араларынан сынаптай сырғанап өткен апай билеп жүріп, допты теуіп қалды! Гоол! "Астана" қақпашысы еңіреп жылады. Есеп 1:0!" Үкімет басшысы орнынан тұрып кетіп, желкесін қасыды: "Астана" клубына неменеге қыруар ақша бөліп жүрміз? Ойындары құрысын!"-деп қалды. Комментатор қайтадан сөз алды:(Жалғасы бар. Сабыр сақтаңыз... "Астана" клубына 71 миллиард қаржы бөлінеді екен...)

Пікірлер