Жанар-жағармай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірген энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев бензин мен дизель отынының бағасы реттелмейтінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
— Жанар-жағармай бағасы реттелмейді. Реттеу мүмкін емес. Биыл дизель отыны тапшы. Оның бір себебі, көрші елдермен салыстырғанда бағадағы айырмашылық. Баға бойынша қазір жүйелі өзгерістерді әзірлеп жатырмыз, — деді министр.
Оның айтуынша, елімізде біріншіден, қазір үш мұнай өңдеу зауытында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың шарттарын анықтау керек. Екіншіден, материалдық-техникалық резервтік базаны қалыптастыру қажет. Үшіншіден, жанар-жағармайды бақылау, әрбір мұнай базасында тиісті құрал-жабдықтармен жарақтандыру керек.
Сөз соңында М.Мырзағалиев жыл аяғына дейін жарияланған жоспарлар бойынша тиісті өзгерістер енгізілетінін айтты.
"Адырна" ұлттық порталы.