Алматыда автобустың үстіне шығып, отшашу атқандар ұсталды (ВИДЕО)

3554
Adyrna.kz Telegram

Алматыда автобустың төбесінде отшашу ұйымдастырған бұзақылар ұсталды. Polisia.kz мәлімдеуінше олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

Бостандық аудандық полиция басқармасының хабарлауынша, бұзақылық жасағандар анықталды. Әлеуметтік желіде олардың жасаған бұзақылықтары бейнелеген видео тарады.

«Олар төртеу. Бастапқыда әрқайсысының рөлдері тағайындалды. Біреуі автобус жүргізушісінің назарын аударса, екіншісі не болып жатқанын ұялы телефон камерасына түсіріп алды, тағы екеуі – тікелей орындаушылар қоғамдық көліктің төбесіне шығып, отшашу ұйымдастырды. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар», - дейді аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Думан Аухадиев.

Полиция департаментінің басшысы іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тергеліп жатқанын қосты. Сонымен қатар, бұзақылардың әрекеттерінен Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 436-бабында көзделген «Атыс қаруынан, газбен, пневматикалық, лақтырғыш және электр қаруынан ату, елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану» деген құқық бұзушылық белгілерін көрген.

Думан Аухадиев полиция қызметкерлері автобустағы жолаушыларға нақты қауіп төндірген жастардың іс-әрекетінің шынайы себебін тергеу барысында анықтайтынына сендірді.

Кадрларда автобустың төбесінен секіріп бара жатқан қатысушылардың бірі басынан жарақат алғаны көрінеді.

Сондай-ақ интернетте бұзақылар шағын автобустың төбесінен отшашулар атқан видео тарады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер