NASA: "2030 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі күрт төмендейді"

1897
Adyrna.kz Telegram

 NASA климаттың салдарынан әлемде қашан егін жинау мүмкін болмайтынын есептеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Ауыл шаруашылығы климаттың өзгеруінен қатты зардап шегеді. NASA ғарыш агенттігі жүргізген зерттеулер маңызды азық-түлік өнімдерінің қашан тапшы болатынын көрсетті", - деп жазды неміс газеті Frankfurter Rundschau.

Аталған басылымда болашақта климаттың өзгеруі маңызды азық-түлік өнімдерін өсіруге теріс әсер ете бастайтынын атап өтті. Оның ішінде жүгері өсіруге ерекше әсер етеді.

"NASA-ның жақында жүргізген зерттеуіне сәйкес, климаттың өзгеруі осы өсімдікке айрықша әсер етуі мүмкін. Күнделікті өмірде адамдар попкорннан бастап сиырлар мен тауықтарды тамақтандыруға дейін осы жүгері сияқты әмбебап дәнді дақылдарды қолданып келеді. Бұл — әлемдегі ең маңызды дақылдардың бірі", - деп жазды газет.

NASA зерттеушілері Жердегі температураның көтерілуін есептеген, сонымен қатар жауын-шашынның өзгеруі мен атмосферадағы газ концентрациясының жоғарылауын назардан тыс қалдырмаған.

Болжамдар бойынша ауа райының соншалықты ыстық болуына байланысты әлемде 2030 жылға қарай ауыл шаруашылығы саласында дақылдар өнімділігі азаяды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер