Сәтбаев қаласындағы асфальт зауытынан өрт шықты

106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4NsPr5qVWaMpzeWQiD0m9p4156bpr3RR9fGvJFl6.webp

Фото: видеодан алынды

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында орналасқан асфальт зауытының аумағында битум тұтанды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды  "Адырна".

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 11 қазанда оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер зауыт аумағындағы шұңқырда 50 шаршы метр аумақты қамтыған битумның жанып жатқанын анықтаған.

Өртті сөндіруге арнайы өрт оқпандары жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрекетінің арқасында жану толықтай тоқтатылды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Пікірлер