Қытай Тәжікстанға әскери база салып бермек

2903
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстан билігі Қытай Таулы Бадахшан автономиялық облысында әскерилендірілген база салатынын, ол Тәжікстан қауіпсіздік күштеріне тиесілі болатынын мәлімдеді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Азаттық Радиосы" қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл қауіпсіздік нысаны Ауғанстанды тәліптердің басып алуына байланысты Тәжікстан ішкі істер министрлігі мен Қытай қауіпсіздік министрлігі арасындағы келісім аясында салынады.

Таулы Бадахшан автономиялық облысы Қытай және Ауғанстанмен шекаралас орналасқан. Тәжікстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Абдурахмон Аламшозода 27 қазанда парламентте нысанның Таулы Бадахшан автономиялық облысы Ишқашым ауданына қарасты Вахан ауылында салынатынын хабарлады.

Парламент Мәжілісінің депутаты Толибхон Азимзода бұл арнайы база Тәжікстанның Ішкі істер министрлігіне қарайтынын айтты. Оның айтуынша, базаны салу кезінде Тәжікстанға Қытайдан әкелінетін барлық құрал-жабдықтар мен техникалар кедендік баж салығынан босатылған. "Құрылыс бюджеті 55 миллион қытай юанына бағаланады, бұл шамамен 100 миллион сомониге тең", - деді депутат.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер