Ж.Ахметбеков: БАӘ-мен келісім жаңа кәсіпорындардың ашылуына ықпал етеді

2171
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту біздің елімізге тиімді екенін айтты.

Өйткені, ол жаңа кәсіпорындардың ашылуына, озық технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек.

Депутаттың айтуынша, инвестициялар шикізат салаларына салынбайды. Атап айтқанда, елімізде жаңартылатын энергетиканы дамытумен айналысатын энергетикалық холдинг құру көзделіп отыр.

Ж. Ахметбеков атап өткендей, бүкіл әлемде «жасыл өткел» деп аталатын және экологияның жай-күйіне алаңдайтын елдер жаңартылатын отын үшін көмірсутектерден бас тартуда. Күн, жел электр станцияларының көбеюі біздің елдің бәсекелестік артықшылығы бола алады.

- Жалпы, бұл инвестициялық келісім отандық бизнесті дамыту үшін жағдайды айтарлықтай жақсартады және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады деп айтуға болады, - деді депутат.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер