Еліміз +7 кодынан неге бас тартты? - Министр жауабы

3161
Adyrna.kz Telegram

Бұл сұраққа мәжілісте өткен үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин +7 кодының аймағына Ресей ғана емес, Қазақстан да кіретінін алға тартып, телефон кодына қатысты мемлекетаралық құжатқа қол қоюға не кедергі болғанын сұрады.

Өз кезегінде министр +7 кодының аймағына кіретін елдер арасындағы келісімшарттың 11-бабында тараптардың кез келгені оның қолданысын тоқтату ниеті туралы хабарламаны алдын ала жіберіп, келісімшартты біржақты тәртіппен 6 ай бұрын бұза алатынын айтты.

- Жалпы +7-ден басқа кодқа ауысу жарты жылда жүзеге асырылмайтын мәселе. Сол себепті алдымен Дүниежүзілік одақтан, Халықаралық байланыс одағынан (БҰҰ) жеке кодымызды (+997) алдық, енді Ресей тарапымен келісімшартты өзгерте аламыз. Мемлекеттің резервінде кодтың болуы қажет дүние. Бұл Ресей тарапынан емес, БҰҰ-дан берілген код. +7-нің киелілік емес, құқықтық жағын қарап жатырмыз. Келіссөздерді жүргізу үшін осындай мәселені қозғадық. Ал ратификациядан өткізу үшін алдымен Ресей тарапымен келісіп алуымыз керек. Келіссөздер алдағы уақытта жүргізіледі, – деді Бағдат Мусин.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер