Түркістанда бұрынғы депутат жанжал шығарды: Менің кім екенімді білесің бе?

2388
Adyrna.kz Telegram

Түркістан мәслихатының бұрынғы депутаты қаладағы ойын-сауық мекемесінде жанжал шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Видео "За нами уже выехали" Telegram каналында тарады. Кадрда адам қатты былапыт сөз айтып, мекеме қызметкеріне тиіскен. Ол өзін "VII шақырылған мәслихат депутаты" және "бұрынғы бандит"деп таныстырғаны айтылған.

Түркістан облысы полициясы оқиға 17 қазанда түнде болғанын хабарлады. Мекеме қызметкерлері тәртіп сақшыларынан  көмек сұрады.

- Оқиға орнына полиция жасағы келді. Келген кезде тәртіп сақшылары ер адамның төлем жасаудан бас тартып, жанжал шығарғанын анықтады. Құқық бұзған адамға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған дерек сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ, ер адамның бұрын қалалық мәслихаттың депутаты болғаны және биыл наурызда өкілеттігін тоқтатқаны анықталды", - деп мәлімдеді полицияда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер