Саакашвилидің халі нашар

4208
Adyrna.kz Telegram

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің халі нашар деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Украинаның Жоғарғы Рада депутаты Елизавета Ясько хабарлады. Оның айтуынша, Саакашвилидің денсаулығы бірнеше аптадан бойы аштық жариялағандықтан, күрт төмендеген. Ол қазір Рустави қаласындағы түрмеде. Осының алдында саясаткер дәрігерге қаралуға және дәрі қабылдауға келіскен еді. Енді оны ауруханаға жатқызу керек.

 Естеріңізге сала кетейік, Саакашвили Грузияға 8 жылдан кейін қайтып келген кезде қамауға алынды. Оралу мақсаты наразылық шеруіне қатысу болатын. Саакашвилиге туған елінде бірнеше айып тағылған.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер