МАРГУЛАН СЕЙСЕМБАЙ: "Бұл жай ғана ессіз ерлік емес. Бұл — Отан үшін отқа түсу!"

3031
Adyrna.kz Telegram
Михаил Саакашвили, тұтқынға түсуі мүмкін екеніне қарамастан, Грузияға ұшып барды. Грузия билігі болса, оны қамауға алды.
Сырт көзге оның бұл әрекеті ессіздік болып көрінуі мүмкін. Алайда олай емес. Михаилмен бірлесе жұмыс жасап көрген адам ретінде айтарым, ол “өзің жасауға тиісті дүниені жаса, қалғанын көре жатармыз” деген ұстаныммен жүретін, өз борышын адалдықпен атқаруға ұмтылатын адам. Бұл жай ғана ессіз ерлік емес. Бұл Отан үшін отқа түсу! Бұл нағыз ердің әрекеті! Халқы оның көмегіне қайта зәру бола бастаған сәтте ол еш ойланбастан еліне оралды.
Михаилмен таныс болып, онымен бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік берген Аллаға шүкір етемін. Өмірімнің сол бір кезеңін мақтан етемін! Нағыз азамат, көшбасшы және тұлғаны мақтан тұтамын, оның әр әрекетіне тәнтімін!
Алла оған зор денсаулық пен ертерек бостандыққа шығуды нәсіп етсін, ал Грузия еліне еркіндік сыйлап, қайта гүлденуге мүмкіндік берсін!
Марғұлан СЕЙСЕМБАЙ,
"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер