Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Astana LRT" жобасы жақын арада аяқталатынына және елордада жеңіл рельсті транспортты қолданатын күн жақын екеніне сенімді. Бұл туралы ол қалалық мәслихат депутаттарына мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Басты сұрақтардың бірі – қаржыландыру мәселесі. "Astana LRT" жобасы үлкен инвестицияларды қажет етеді. Әрине, орнатылған бетон тіреуіштер қалаға әр бермейтіні түсінікті", - деді Алтай Көлгінов ұзақ уақытқа созылған құрылыс жайлы.
Елорда әкімі сонымен қатар бұл мәселе жайында банктермен бірнеше жылдар бойы талқыланғанын айтты.
"Біз банктермен бұл мәселе жөнінде бірнеше жылдар бойында сөйлестік. Әрбір екінші деңгейдегі банктің бұл іспен айналысуға құлқы жоқ және мүмкіндігі де жетіспейді. Осы себепті біз сәйкесінше конкурс жарияладық. Қазір банктердің бірі өз келісімін берді, алдағы уақытта тиісті келісімге қол қойылғаннан кейін хабарлайтын боламыз", - деді Алтай Көлгінов.
Дәл қандай банктің қаржыландыруға келісім берілгені жөнінде әзірге нақты ақпарат жоқ. Нұр-Сұлтандағы жерүсті метро құрылысын аяқтау үшін 1,5 миллиард доллар қажет екенін айта кетейік.
А. Көлгіновтің айтуынша, әкімдік "Astana LRT" жобасы бойынша жұмысты табысты аяқтауды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңның өзінде әуежай маңындағы бір шақырымнан асатын жерге ағаш бөренелер орнатылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аппеляциялық сот "Astana LRT" құрылысындағы ақша жымқыру ісі бойынша үкімнің күшін жойған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы.