АҚШ: Өзбекстанда 2000 адам діни себеппен түрмеде отыр

2241
Adyrna.kz Telegram

АҚШ -тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы жаңа есепті жариялады, онда Өзбекстан діни сенімі үшін 2 мың адамды түрмеге қамағаны айтылған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "centralasia.media" сайтына сілтеме жасап.

Баяндамада Өзбекстан түрмелерінде 2000 -нан астам діни тұтқын ұсталғаны, олардың 81-інің кім екендігі айтылған.

Баяндаманың авторы, конгрестің Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі баяндамашысы Стив Свердлов 81 дінге сенушінің көпшілігінің азапталғанын немесе басқалай қорланғанын айтты. АҚШ-тың діни бостандық жөніндегі комиссиясының баяндамасы "Өзбекстанның діни және саяси тұтқындары: репрессия практикасын жою" деп аталады.

Онда елде бейбіт намаз үшін қамалған діни тұтқындардың нақты саны бұрыннан журналистерге, құқық қорғаушыларға, АҚШ үкіметіне, Еуропалық Одақ пен БҰҰ -ға белгісіз екені айтылады.

Өзбекстан үкіметі мұндай тұтқындардың саны мен жеке басы туралы ақпараттарды ешқашан айтпаған.

Есеп авторы Стив Свердлов Өзбекстан бұрынғы Кеңес Одағындағы діндар тұтқындары ең көп елге айналғанын жеткізді: "2000 -нан астам дінге сенуші темір тордың артында", - деді ол.

Баяндама авторы осы сотталушыларға тағылған айыпқа назар аударады. Бұл сотталғандардың көбіне "елдің конституциялық құрылысын құлату", "тыйым салынған әдебиеттерді сақтау немесе тарату" және "тыйым салынған діни топтарға мүшелік" сияқты қылмыстар бойынша айып тағылған.

Ең бастысы, баяндамада анықталған 81 діни тұтқынға қатысты мұндай айыптауды растайтын нақты дәлел жоқ.

Стив Свердловтың айтуынша, Өзбекстанның Қылмыстық кодексінде осындай сотталған адамдарға берілген көптеген баптар бар, олардың көпшілігі Өзбекстанның халықаралық құқықтық міндеттемелеріне қайшы келеді.

"Өзбекстанның Қылмыстық кодексі Каримов кезінде болған күйінде қалып отыр. Сондықтан мәселе әлі де бар", - деді баяндама авторы.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер