Түркияның құқық қорғау органдары тыңшылық жасады деген күдікпен алты адамды ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Тінту кезінде олардың Ресей азаматтары екені анықталды.
CNN Türk телеарнасының хабарлауынша, күдіктілер шетелдіктерге шабуыл жасауды жоспарлап, құпия ақпарат алуға тырысқан.
Полицияның арнайы операциясы Ыстамбұл мен Анталияда бір уақытта өтті. Ұсталғандардан қару-жарақ пен РФ төлқұжаттары табылды.
«Адырна» ұлттық порталы