«494 жеке тұлға 26 елде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде 666 жылжымайтын мүлік объектісін декларациялады, оның ішінде 436 объекті Ресейде, 44-і Біріккен Араб Әмірліктері, 38-і Түркияда. 1030 жеке тұлға 49 шет мемлекетте тіркелген 1198 көлік құралын, оның ішінде 292-сі Ресейде, 235 Арменияда, 221 Жапонияда, 162 Германияда және т. б. декларациялады.Сонымен қатар, 47 жеке тұлғаның біздің елден тыс 57 заңды тұлғада қатысу үлесі бар, бұл Ресейде, Кипрде, Араб Әмірлігі және т. б. Одан бөлек, 1585 жеке тұлға 11 елде 1603 жылжымайтын мүлік объектісінің құрылысына қатысу үлесінің бар екенін көрсетті. Инвестициялық алтынды 116 адам жариялады, 918 адам 25 елде бағалы қағаздары барын, 635 инвестициялық қорда 608 адамның үлесі бар, 212 адамның 218 зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бар, 355 адамның дебиторлық берешегі бар, 578 адамның кредиторлық берешегі бар», – деді Ж. Іңкәрбаев.
Айта кетерлігі, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау жарияланған болатын. Бірінші болып мал-мүлкін мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары жариялануы міндеттелген. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары меншігіндегі барын жариялауы тиіс. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларациялаумен бизнес өкілдері, яғни заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары жұбайларымен қамтылады.
Декларациялаудың соңғы кезеңіне 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалған санаттағы азаматтар енуі тиіс.
Алдын ала деректер бойынша жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 13 млн адам кіреді.
”Адырна” ұлттық порталы