Ауғанстанның үш азаматы Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған

3175
Adyrna.kz Telegram

Түркістан полицейлері шетелдіктерді заңсыз тасымалдаған күдіктілерді ұстады. Бұл туралы облыстық ПД жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сарыағаш АПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған екі күдіктіні, яғни 3 шетелдіктің шекарадан заңсыз өтуіне көмектескен Қазақстан Республикасының тұрғындарын ұстады.

«Белгілі болғандай, олар Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына шекараны кесіп өтуге тырысқан Ауғанстан азаматтары болып шықты. Құқық бұзушылар аудандық полиция бөліміне одан әрі тексеру үшін жеткізілді»,– делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта шетел азаматтарының шекарадан заңсыз өту жайты бойынша ҚР ҚК-нің 392-бабы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ал екі жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабы "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер