Тәліптер өлім мен аяқ-қолды кесіп тастау жазасын қабылдап жатыр

6665
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанның билігін басып алған Талибан радикалды қозғалысы жетекшілерінің бірі, ислам шариғатының құқықтарын мемлекет басқару ісіні енгізуді реформалаушы Нооруддин Тураби тәртіп бұзған азаматтарды жазалаудың өте қатаң түрін ұсынды.

Associated Press-ке берген сұхбатында Нооруддин Тураби аталған жазалаудың түрі ел алдындағы алаңда іске асатынын мәлімдеді. Жазалаудың мұндай тәсілі Ауғанстанның бұрынғы тарихында болғанын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, жазаның мұндай түрін қабылдау елдің тұтастығы мен билікті мықты ұстап тұрудың тетігіне айналмақ.

Ол өзінің сөзінде:

"Бізді бәрі осы жазаны ел алдында алаңдарда қабылдағанымызды сынап, мінеп жатады. Бірақ біз оларға ештеңе де айтпаймыз. Біздің заңдарымыздың қандай кемшіліктері бар екенін олардың өздері келіп жүзімізге айта алмайды. Ал біз ислам заңдары мен Құранның қағидаларына сүйеніп, өз заңдарымызды жасап отырмыз»,-деді молла Нооруддин Тураби.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер