Дүниежүзілік сауда ұйымы Ресейді халықаралық сотқа беріп жатыр

4543
Adyrna.kz Telegram

Америкалық алпауыт компаниялар мен инвесторлар Ресейдің нарығын әлемдік экономикалық нарықтан ығыстырып шығарудың жоспарына кірісті. Бұл жайында АҚШ-тың Сауда министрлігі мәлімдеді. Қазір Ресейдің «Коммерсант» баспасында мақалалар шығып, шулап жатыр.

АҚШ-тың CF Industries Nitrogen, Terra Nitrogen, Terra International компаниялары Ресей тауарларына қатысты баж салығын арттырып жіберсе, тек қана Ресей емес, Ресеймен сауда қатынасындағы елдердің біразы зардабын тартатын сияқты. АҚШ-тың сауда министрі Ресейді әлемдік нарықтан ығыстырып шығаруды 2002 жылы жоспарлаған екен. Егер процесс соңына барса, Ресейдің тау-кен өнеркәсібі, металлургия, мұнай мен газ саласы, индустрия саласы құлдырап кетеді.

АҚШ-тың нарықтық экономикасында әлемнің кез келген елінің тауарын қабылдаудың белгіленген критерийлері бар. Оның ішіне валюта курстарының айналымы мен өзгерісі, шетелдік инвесторларға берілген еркіндік пен бәсекелестік, өндірісті мемлекеттік бақылау, ресурстарды бөлісу, бағасын келісу, жұмысшылардың жалақысын көтеру және тағы басқа да факторлар кіреді.

АҚШ-тың Сауда министрлігі Ресейдің сыртқы нарығымен бірге Белорусьтің де сыртқы сауда айналымын қармаққа алды. Қазір Белорусьтің ұлттық компаниялары мен қаржы институттарына санкциялар салынды. Қазір Doing Business ақпараттық порталы Ресей мен Белорусьтегі қаржылық тоқырауы мен елдегі ұлттық компаниялардың акцияларының құлдырауы жайында жазып жатыр. Онда Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптары мен шарттарын өрескел бұзып жатыр дейді, экономикалық сарапшылар.

Ресейдің дүниежүзілік сауда ұйымының талаптары мен ережелерін бұзып отырғанының өзі сыртқы нарықта аз ғана мерзімде жүздеген миллион доллар шығындарға алып келіп отыр. Тіпті сыртқы нарықта жұмыс жасайтын бірнеше ірі компанияларының жұмыстары тоқтап тұр. Дүниежүзілік сауда ұйымы қазір Ресейдің үстінен аппелияциялық шағым жасап жатыр. Ал, Вашингтон болса Дүниежүзілік сауда ұйымының нарықтағы  протекционизмді қорғап қалатынына сенімді.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер