"Айға лифт салу идеясы" қашан жүзеге асады?

4266
Adyrna.kz Telegram

«Айда орналасқан ғарыштық лифт қолжетімді материалдардан жасалады, және оны дамытуға жеткілікті қаржы жұмсалса, лифт 2020 жылға дейін салынуы мүмкін» деген ақпарат 2010 жылы жарияланған болатын. Арада он жыл уақыт өтті. Айдағы лифт қашан іске қосылады? Бұл сұраққа "Адырна" ұлттық порталының тілшісі жауап іздеді. 

Лэйн «LiftPort» тобын 2003 жылы құрды. Бастапқыда компания ғарыш лифтінің жалпы тұжырымдамасын әзірлеумен айналысты: LiftPort роботтары әуе шарларына бекітілген арнайы кабельге шыққан биіктік рекорды - 460 метр.

2007 жылы қаржылық қиындықтардан кейін LiftPort Group «ай лифтін» дамытуға қадам жасады.

«Біз бұл мәселені жеткілікті дәрежеде зерттедік. Тақырып қолжетімді, қызықты және ерте ме, кеш пе жасалатын дүние. Сондықтан біз бұны жүзеге асырамыз», - деді Лэйн, Universe Today келтірген ақпаратта.

Ай лифті әзірлеушілердің айтуы бойынша, ғарыш аппараттарын Айға жеткізуге айтарлықтай қаражат үнемдейді. Сондай-ақ болашақта - жер серігінде ұзақ сапарлар өткізу үшін өзіндік «жанармай құю станциясын» құруға мүмкіндік береді. Лифт дизайны айдың бетінде және ғарыш кеңістігінде Лагранж нүктесі L1 деп аталатын аймақта орын алады.

Әзірлеушінің айтуы бойынша, ай лифтін жасау жердегіге қарағанда оңай және арзан екен.

Алайда, Лэйн атап өткендей, жоба белгілі бір қиындықтарға тап болған. Атап айтқанда, құрылысты Жер лифтіндей емес, ғарышта аяқтау мен модернизациялау қажет болғандықтан, болашақта жоба одан да қымбат болып, ұзаққа созылуы мүмкін.

Інжу ӨМІРЗАҚ,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер