Әсел Сағатова кинопродюсерлікке бет бұрмақ

2277
Adyrna.kz Telegram

Биыл мемлекеттік қаржылық қолдаудан үмітті киножобалардың ашық қорғауына «Қазақфильм» киностудиясының 42 жобасы жіберілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл жолы киностудия ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяудағы Жолдауын негізге ала отырып, өзін түрлі жанрда сынап көретін жас режиссерлерге сенім артты. Постапокалиптикалық киберпанктерден психологиялық триллерлерге дейін. Жанр, стиль және оқиғалардың алуан түрлілігі Сараптама кеңесінің мүшелерін таң қалдырды»,— деп мәлімдеді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі.

Кинопродюсер ретінде өзін сынап көруге бел буған танымал актриса Әсел Сағатова екі қызықты жобаны таныстырды. Біріншісі – фэнтези стиліндегі киберпанк, референс ретінде Marvel студиясының «Джессика Джонс» атты танымал сериалын алған. Бұл картина арқылы отандық кинода алғашқы суперқаһарман әйел бейнесі пайда болады. Авторлар фильм режиссері ретінде Жасұлан Пошановты көреді. Екіншісі – «елес қала» туралы мистикалық триллер. Негізгі локация ретінде Арқалық қаласы ұсынылған. Ә.Сағатованың айтуынша, ол қалада мұндай жобаны түсіруге арналған, үрей туғызатын жерлер көп.

«Дети войны» жобасының тизерін ұсынған режиссер Фархат Шәріпов өз презентациясының ауқымдылығымен және дайындығымен жақсы әсер қалдырды. Сондай-ақ, әскери драма жанрында Кеңес Одағының екі мәрте батыры, ұшқыш Талғат Бигелдинов туралы «Штурмовик 13» картинасы ұсынылды. Дегенмен, Сараптама кеңесінің мүшелері бұл жобаны әлі де пысықтау қажет деп санайды. Сонымен қатар, Сараптама кеңесі жас режиссер Расул Шарафеддиновке «Отдел» фильмінен телеарналарға арналған көп сериялы сериалды жасауды ұсынды. Бұл кеңсе қызметкерлерінің күнделікті өмірі туралы фильм және авторлар референс ретінде әйгілі «Офис» сериалы мен «Гараж» фильмін атап өтті.

Көптеген жобалар психологиялық триллер мен отбасылық драма жанрларында ұсынылды. Бұл тақырып біздің кинематографистерді қатты толғандыратыны анық көрінді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер