Экология министрі тағайындалды

2587
Adyrna.kz Telegram

Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып  тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«2021 жылғы 10 қыркүйек Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын»,— делінген құжатта.

Айта кетейік, Брекешев 2020 жылдың 5 наурызынан бастап бүгінге дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер