Қала әкімі жолайрықтың құрылыс алаңына барды

2312
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың бас жоспарына сәйкес Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың құрылыс алаңында болды. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша - 1 030 м, ал Т.Рысқұлов көшесі бойынша - 684,7 м. Жолдың ені - 45 метр.

Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі желтоқсан айына жоспарланған. Бүгінде мұнда инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған. Қонаев көшесі бойынша 300м асфальт жабындысы төселген және жол өтпесінің 12 бағанасы орнатылған. Рысқұлов көшесі бойынша ескі асфальт жолы толық алынып, жол негізі әзірленген. Рысқұлов бойынша Байтұрсынов пен Қонаев аралығында екі қабат асфальт қабаты төселінген.Жобаға сәйкес Рысқұлов көшесінде Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейінгі аралық жолдың ені кеңейіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған. Көпір өткелін салу, жол жамылғысын салу жұмыстарын жалғастыру үшін, Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы 10 қыркүйекке дейін шектелген. Жұмыс қарқынын көрген қала әкімі құрылысқа кедергі болатын мәселенің барлығын тездетіп шешуді тапсырды.

Пікірлер