Ауыз сумен қамту көрсеткіші артуда

2126
Adyrna.kz Telegram

Мегаполисте ауыз су мәселесі әліде өзекті. Қазіргі таңда қалада 81 елді мекеннің 5-і кестемен, 7-еуі суды тасып ішеді. Қалған 69 елді мекен сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Аталмыш көрсеткішті 100 пайызға жеткізу үшін ауқымды шаруалар атқарылуда. Бұл туралы Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков баспасөз брифингінде баяндады.

Биыл аталған елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы 3 магистралды суаққы, тасымалды 7 елді мекен және кестемен 2 елді мекеннің құрылысы аяқталып, 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде, қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға өседі, – деді басқарма басшысы.

Боранбай Болатбеков -Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы

Тасымалды 7 елді мекенді біз толық бітіреміз биыл. Кестемен ішетін 5 елді мекеннің біреуі қайнарбұлақ жобалық смета жасап жатырмыз.

Қаратау ауданы бойынша 3 магистралды суаққының  және 3 шағын ауданда Тұран, Асар-2, Нұртас, Әл-Фараби ауданы бойынша 2 шағын ауданда Сәуле, Ақтас, Абай ауданы бойынша 6 шағын ауданда Ынтымақ-2, Батыс-Жаңатұрлан, Жаңаталап, Солтүстік саяжай, Құрсай 1, Құрсай 2 ішкі ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Боранбай Болатбеков - Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы

25 шақырым ұзындығы мен тартып келе жатырмыз. Жылдың аяғына дейін 3 магистралды су құбырын тартып алып келеміз. Судың давлениясы көтеріледі.

Айта кетейік, осы жылы Қаратау мен Әл-Фараби аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Ал жыл қорытындысымен Абай ауданындағы 5 шағын ауданда құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілсе, Құрсай 1 этап, Құрсай 2 –де  құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі болмақ.

 

К. Дүйсенбі

Пікірлер