Куба екі жастан асқан балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялай бастаған әлемдегі алғашқы ел болып танылып, 2 мен 18 жас аралығындағы балаларға отандық «Соберана-2» вакцинасын сала бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Клиналық сынақтарға сәйкес аталған екпенің балаларға қауіпсіз екені дәлелденген. Ал ересектер жергілікті мамандар әзірлеген «Абдала» атты екінші екпені қабылдауда.
5 қыркүйектегі жағдай бойынша қазір Кубада 4,09 миллион адам коронавирусқа қарсы толық егілді - бұл халықтың 36,1% көрсеткішін құрайды. Пандемия басталғаннан бері елде коронавирустың 696 904 жағдайы тіркелді, одан 5 788 кубалық қайтыс болды. Ел халқының саны 11,33 млн. Билік осы айдың аяғына дейін халықтың 90%-ына екпе салып үлгереміз дейді.
Айта кетейік, өткен аптада Кубада күніне 7 мың адам індет жұқтырып, 70-80 кісі көз жұмған болатын. Мамандар бұл 100 мың тұрғынға шаққанда әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі деп есептейді.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық Комиссия балалар мен жасөспірімдер арасындағы қадағалаусыз қалудың алдын алу шараларын күшейтуді ұсынады
