ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: "Солтүстік ағыс-2" құрылысы бітсе де бәрібір жартылай күйде қала береді!

3079
Adyrna.kz Telegram

Өткен сәрсенбіде Дюссельдорф соты Nord Stream AG-ның апелляциялық талап-арызын қабылдамай тастады. ГФР тораптық агенттігі Еуроодақтың үшінші энергопакетінің нормаларына сәйкес болмаса да газ құбырын іске қосқысы келді. Ол нормаға сәйкес жеткізуші компания (Газпром) сонымен бір мезетте құбырдың да иесі болмауы қажет.

Сонда іс жүзінде былай болып шығады - Газпром жылына 55 млрд куб метр газ жеткізу керек болса, енді соның жартысын, яғни 27,5 млрд қана жеткізе алады, қалған бөлігін ол басқа жеткізушілерге беруге тиісті. Бірақ бұл талапты Газпром орындай алмайды, өйткені кенорындары Газпромға қарасты, тек "СА-2"-ге ғана қосылған. Басқа бірде-бір ресейлік компания құбырлық газды экспорттай алмайды. Яғни, СА-2 жартылай бос күйінде қалады.

Олай болса кезінде бұл жобаны неге жобалаған? Еуропа заңдарында саңылау табылады деген есеп болыпты. Себебі кезінде бұл заң теңіздегі құбырларға таралмаған. Еурокомиссия 2017 жылы осыны біліп энергетикалық хартияны теңіздегі құбырларға да тарату керек деген талап қойған. Заң ұзақ талқыланып, 2019 жылы басым дауыспен заңға өзгерістер енгізілген.

Сот шешімі украиндық ГТС-ке деген сұранысты арттырады. Бұл транзиттік контракт аяқталатын 2024 жылдан кейін де Украина арқылы газ транзиті жалғаса береді деген сөз.

 

Қуаныш ЕДІЛХАНТЕГІ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер