АҚШ Ауғанстаннан әскерін толық әкетті

2918
Adyrna.kz Telegram

Пентагон АҚШ әскерлерін кабулдық әуежайдан эвакуациялау аяқталғанын жариялады. Бұл туралы ВВС ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Пентагон баспасөз хатшысы Джон Кирби мен теңіз жаяу әскері генералы Кеннет Маккензи қазіргі кезде өтіп жатқан брифингте американдық әскери қызметкерлер отырған соңғы ұшақтың Кабул әуежайынан ұшып шыққанын растады.

Американдықтар мен тәлібтер арасындағы келісім бойынша, әскери қызметкерлерді эвакуациялау 31 тамыз күні аяқталуы тиіс болды.

ВВС тілшісі Лиз Дусет тәлібтердің біршама уақыт бұрын желіде арнайы жасағының американдықтармен кездескен фотосуреттерін жариялағанын жазды, алдын ала болжам бойынша, бұл әуежайды тапсыру процесі болған.

Пікірлер