Трамп Зеленскийдің Мәскеумен мәміле жасасқысы келетінін мәлімдеді

1265
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің Мәскеумен "келісімге келгісі" келетінін мәлімдеді. Ол атысты дереу тоқтатып, келіссөздер жүргізуге шақырды, деп хабарлайды"Адырна" ұлттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Зеленский мен Украина келісім жасағысы келеді және бұл ақылға қонымсыз әрекеттерді тоқтатқысы келеді.Атысты дереу тоқтатып, келіссөздер бастау қажет. Тым көп адам бекерден-бекер қаза тапты, көптеген отбасы бұзылды. Егер бұл жалғаса берсе, бұдан да үлкен әрі жаман жағдайға әкелуі мүмкін," - деп жазды Трамп әлеуметтік желі парақшасында.

Трамптың айтуынша, Украинаға қарсы соғыстың салдарынан Ресей билігі Сирияға деген қызығушылығын жоғалтқан. Оның бағалауынша, соғыста қаза тапқан немесе жараланған ресейлік сарбаздардың саны 600 мыңға жуық. Ал Украина қарулы күштерінің шығынын ол 400 мың адам деп бағалады.

Трамптың Киевтің келіссөздерге ұмтылуы туралы мәлімдемесі Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін келесі күні жарияланды. Олардың келіссөздері Парижде, Франция президенті Эммануэль Макронның қатысуымен өтті.

Трамп  АҚШ президенті сайлауында жеңіске жетті. Оның инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді. Республикашыл Трамп бірнеше рет Украинаға әскери көмек көрсетуді сынға алып, қақтығысты келіссөздер арқылы аяқтауға уәде берген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер