Қайғылы жағдай: Қызылордада ер адам көпірден секіріп кетті

3170
Adyrna.kz Telegram
Бүгін, өкінішке қарай, Қызылордада қаласында қайғылы жағдай болды. Қала тұрғыны, ер адам, аспалы көпірден секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"17 желтоқсан күні сағат 00:00 шамасында Қызылордада "102" арнасына белгісіз біреу сол жағалауда орналасқан аспалы көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені туралы хабарлама түсті", - деп мәлімдеді Қызылорда облысының полиция департаменті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында азаматтың қайтыс болғаны анықталды. Қазір орын алған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен («Өзін-өзі өлтіруге әкеп соғу») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Тиісті сараптамалар тағайындалды. Болған өмімнің мән-жайы анықталып жатыр.

Сонымен қатар, бүгін Қызылорда облысында жеңіл көлік түйеге соғылып, бір адамның өмірін үзді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер