Тәліптер Ауғанстанның белгілі әншісін үйінде өлтіріп кетті

3015
Adyrna.kz Telegram

Талибан радикалды қозғалысының жасақтары Кабулды басып алғаннан кейін, Баглан провинциясында Ауғанстанның белгілі әншісі Фавада Андарабиді өз үйінде өлтіріп кетті.

Фавада Андарабидің өліміне музыка және ән салу аспаптарын қолдану себеп болған. Тәліптер елдің билігін басып алғаннан кейін музыка мен өнерге тыйым салынбайтынын айтқан болатын. Бірақ олар өздерінің берген уәделерінен тайып, осындай қатыгез  әрекеттерге барып отыр.

Фавада Андараби ауған халқының ұлттық фольклорларын орындап кеткен, ұлты құндылықтарын дәріптеуші ретінде ауған халқының мәңгі есінде қалды деп Ауғанстанның ішкі істер министрі Масуд Андараби өзінің твиттерінде  жазба қалдырды.

Ауғанстанның ішкі істер министрі Масуд Андарабидің мәлімдеуінше, Талибан радикалды қозғалысының жасақтары белгілі әнші Фавада Андарабиді Балган провинциясында қатыгездікпен өлтірген.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер