“Неге орысша сөйлемейміз?”: Ресейліктер орыс тілі мәселесін көтеруде

4838
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ресейліктер тіл мәселесін көтеріп, орыс тілінің деңгейіне алаңдаулы. Бұл туралы ресейлік саясаткер, оппозиционер Геннадий Гудков Twitter  парақшасына әйел адамның мінберде сөз сөйлеп тұрған видеосын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видеода әйел адам халықтың алдында мінберде сөз сөйлеп, Ресей халқын америкалық музыкаларды тыңдамауға шақырды.

“Мәскеуде болсын, Минскі де болсын жаңа жылдық жәрмеңкеде үнемі американдық музыка қосылып тұрады. Мен әлі бірде-бір дүкеннен орыс тілді әуеннің қосылып тұрғанын кездестірмедім.  Бұл не сұмдық?  Мәскеудегі әскери дүкенде де американдық музыка қосылып тұр. Бұл қалай? Міне, біз жаңа жылды ағылшын музыкасымен қарсы алайын деп тұрмыз.

Бәріміз дүкен басшылығына барып, ескертейік…  Неге біз геосаяси қарсыласымыздың әуенін тыңдауымыз керек?! Біз Ресейде тұрамыз, неге орысша сөйлемейміз? Бұл біздің мәдени кодымыз”,- деді видеодағы әйел.

Ал видеоның астына Геннадий Гудков әйелдің ақылсыздығына таңғалғанын жасырмады.

“Бұл жынды тәте кім? Мен ақылсыздықтың деңгейіне қызығушылық таныттым. Кейін Брежневтің емес, Сталиннің заманы қайтып келеді!”,- деп жазды ол.

Пікірлер