Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина күміс жүлдеге ие болды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Olympic.kz"-ке сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзербайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды. Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын.
Айта кетелік, бұл – Заринаның алғашқы Паралимпиадасы.
"Адырна" ұлттық порталы.