Алматы облысы: облыстағы мұғалімдердің 99% вакцинацияланған

2914
Adyrna.kz Telegram

Өңірдегі білім беру мекемелері күрделі эпидемиологиялық жағдайда дәстүрлі форматта оқуға толық дайын, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Белгілі болғандай, болжам бойынша, жаңа оқу жылында оқушылар саны 440 мыңға өседі, бірінші сыныпқа 47 мың оқушы қабылданады.

"Барлық мектептер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, бұл үшін жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге бөлінді. Ашық бағдарламасы барлық білім беру нысандарына енгізілді", - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Jetisy БАҚ брифингінде.

Облыс мектептерінде халықтың әлеуметтік осал топтары мен аз қамтылған отбасы оқушыларының 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады.

"Көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 44 531 оқушыға ыстық тамақпен, мектеп формасымен қамтамасыз етуге қосымша 2,6 миллиард теңге бөлінді", деп бөлісті облыстық білім басқармасының басшысы Жаңыл Сүлейменова,

Оның айтуынша, «Мектепке жол» акциясы аясында 12902 оқушыға 122 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл облыста 40 білім беру нысаны салынуда, оның ішінде 28 мектеп. Оқу жылының басына дейін алты жаңа мектеп пайдалануға беріледі, ал жыл соңына дейін тағы төрт мектепті аяқтау жоспарлануда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер