Өзбекстандық спортшы Ислам Асанов Токиода өтіп жатқан жазғы Паралимпиаданың алғашқы күнінде қола медальға ие болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол 57.12 нәтижесімен қола медальді жеңіп алды. "Алтын" беларусиялық Ихар Бокиге бұйырса, екінші орынды Украинадан келген Олекси Вирченко алды.
Айта кетейік, 100 метрге жүзудің финалында "баттерфляй" стилінде екі өзбекстандық — Музаффар Турсунходжаев пен Ислам Асанов өнер көрсеткен болатын.
«Адырна» ұлттық порталы