Сәрсенбі күні, 18 тамызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы жазды, деп хабарлайды «Адыпна» тілшісі.
Күн тәртібінде:
Санитариялық-эпидемиологиялық ахуал;
Жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері;
Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.
«Адырна» ұлттық порталы