Талибан қозғалысы Қандағар қаласын басып алғанын жариялады. Сәрсенбіде содырлар ел астанасы Кабулға жақын орналасқан Газни қаласын өздеріне қаратқан болатын.
ВВС -дің хабарлауынша қаланың басып алуын тәуелсіз тілшілер растамаған, алайда тәлібтер қала ішінен суреттер мен видеолар жариялап жатыр. Кеше Қандағардағы қанды шайқастан кейін олар қала түрмесін басып алып, тұтқындарды босатқан еді.
Сонымен бірге Гильменд провинциясының орталығы - оңтүстіктегі Лашкаргах қаласында содырлар полицияның штаб пәтерін басып алды. Тәлібтер Герат қаласы үшін де шайқасып жатыр. Ел үкіметі тоғыз аймақты жоғалтты.
"Адырна" ұлттық порталы