Мәскеуде өзбек мигранттары мен шешендер арасында атыс болды (ВИДЕО)

16296
Adyrna.kz Telegram

Мәскеуде өзбекстандық мигранттар мен кавказдықтар арасында жаппай төбелес болды. Төбелеске қатысушылардың үшеуі ұсталды, оларға «Бұзақылық» және «Қасақана денеге жарақат салу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Сондай -ақ олардың қару қолданғаны да тексерілу үстінде. Төбелес салдарынан бірнеше адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 

Оқиға Пограничная көшесінде болған. Куәгерлердің айтуына қарағанда бастапқыда төбелес болып, артынша   атыс басталған. Тұрғындар полиция шақырған соң, төбелеске қатысушылар оқиға орнынан қашып кеткен.

Болжам бойынша қаруды қақтығысқан екі жақ бірдей қолданған. Readovka телеграм каналы оқиғаның кейбір егжей-тегжейін тарқатып жазды. Дерек көзінің айтуынша, төбелес өзбектер мен шешендер арасында болған. «Бұл төбелеске менің туыстарым, менің достарым қатысты. Барлығы шешенстандық 3 жігітке 24 өзбек пышақ және сойылмен шабуыл жасаған кезде басталды. Осыны білген біздің басқа жігіттер бірігіп, бұның кегін алу үшін барды», - дейді әлеуметтік желіде төбелеске қатысы бар тараптың өкілі. Алайда мигранттарға қысым көрсеткен деген де ақпараттар бар. Соңғы уақытта Мәскеуде еңбек мигранттары арасында атыс-шабыс, жанжал жиілеп кеткен. "Бұл биліктің ісі" дейтін де жандар саны артуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер